"Көктайғақ, қар, тұман". Қазгидромет алдағы ауа-райы болжамын жариялады

/image/2021/10/04/crop-56_12_665x887_mokryj-sneg-1024x687.jpeg.jpg

Қазгидромет 5-7 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктер мәліметіне сәйкес, алдағы үш күнде Қазақстан аумағының басым бөлігі жауын-шашынның алдын алуға және ауа температурасының одан әрі төмендеуіне әкелетін солтүстік-батыс антициклонның ықпалында болады.

Қазақстанның солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлерінің ауа райы циклонға байланысты.

6 қазанда таулы аудандарда қатты жауын-шашын күтіледі. Жауын-шашынмен бірге тұман түседі, көктайғақ болып, бұрқасын көтеріледі.

Түнде Қазақстанның батысында ауа температурасы - 0-5 градусқа дейін, солтүстік-батыста, солтүстікте және орталықта - 5-10 дейін, шығыста - 3-11 градусқа дейін төмендейді. Оңтүстікте түнгі уақытта аумақтың көп бөлігінде - 1-6 градус аяз болады.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар